Ержан Еренқайыпов Ислам Ынтымақтастығы ойындарының күміс жүлдегері атанды

АСТАНА. KAZINFORM – Сауд Арабиясының астанасы Ар-Рияд қаласында өтіп жатқан VI Ислам Ынтымақтастығы ойындарында қазақстандық дзюдошы Ержан Еренқайыпов күміс жүлдеге ие болды.

р
Фото: ҰОК

Ерлер арасында 66 келіге дейінгі салмақта өткен финалда Еренқайыпов өзбекстандық Замухшори Бекмуродовпен күш сынасып, тартысты белдесуде қарсыласына жол берді.

- Жарыс барысында Ержан Еренқайыпов 1/8 айналымда Нигерия өкілі Исмаил Әл-Хасанды, ширек финалда Әзербайжан спортшысы Руслан Пашаевты, ал жартылай финалда БАӘ дзюдошысы Нармандах Маянбухты ұтып, шешуші кезеңге шыққан болатын, - деп жазды Спорт комитетінен.

Өкінішке қарай, әйелдер арасында 52 келіге дейінгі салмақта белдескен Толғанай Әбеуова қола медаль үшін болған кездесуде Марокко спортшысы Сумия Иуаракиден жеңіліп қалды.

Айта кетейік, 22 жасар қазақ конькиші Қытай ұлттық құрамасы қатарына қосылды.

Соңғы жаңалықтар