Ержан Жиенбаев ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкімет басшысының Өкімімен Ержан Жиенбаев ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz сілтеме жасап.

Ержан Жиенбаев ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды

Ержан Нұрланұлы 1981 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

2002–2005 жылдары ҚР Қаржы министрлігінде еңбек еткен.

2005 жылдан бастап ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің құрылымында жұмыс істейді. Аға сарапшы, бас сарапшы, бас кеңесші, сектор меңгерушісі, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Заң бөлімінің меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарған.

2012–2013 жылдары — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2013 жылдан бастап соңғы тағайындалуға шейін ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Заң бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.