Есеп комитетінің қызметкері алаяқтығы үшін сотталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық алаяқтарға қатысты үкім жарияланды.
None
None

М. республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі бола тұра, Астана қаласы әкімдігі және Тұрғын үй департаментіндегі ықпалды достарының арқасында Астана қаласынан қолжетімді бағада жылжымайтын мүлік алып беруге көмектесемін деп азаматтарға   уәде берген, деп хабарлайды қалалық соттың баспасөз қызметі.  

Сотпен М. алдын ала келісім бойынша А., Ж. және Ж. тұлғалармен, төмендетілген бағамен жылжымайтын мүлікті алып беруге шынайы мүмкіндігі болмаса да, алдау жолымен және жәбірленушілердің сенімін теріс пайдалану арқылы азаматтардың жалпы сомасы 40 345 000 теңгені құрайтын ақшалай қаражатын ұрлағаны үшін кінәлі деп танылды.

Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының үкімімен М. ҚР ҚК 177 бабының 4 бөлігінің б тармағымен рақымшылық актісін қолданумен, 3 жыл 4 айға бас бостандығынан айрылып, мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан 10 жылға айыру арқылы қылмыстық жолмен алынған немесе қылмыстық жолмен алынған қаражатқа алынған мүлкін тәркілеу арқылы сотталды.

Дәл осы үкіммен Ж. және Ж. ҚР ҚК 177 бабының 4 бөлігінің Б тармағымен рақымшылық актісін қолдана отырып, қылмыстық жолмен алынған немесе қылмыстық жолмен алынған қаражатқа алынған мүлкін тәркілеу арқылы 6 жылға бас бостандығынан айырылды, сондай-ақ, А. қылмыстық жолмен алынған қаражатқа алынған мүлкін тәркілеу арқылы 3 жыл 4 айға бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар