«Есепке алу» операциясының төрт күнінде 900-дей құқық бұзушы жазаға тартылды
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. 6 қараша. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - «Есепке алу» республикалық жедел-алдын алу операциясының 4 күнінде Жамбыл облысында 900-дей құқық бұзушы анықталды.
Бұл туралы Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
Полицияның учаскелік инспекторлары криминалдық полиция қызметкерлерімен, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлармен бірлесе отырып, бұрын сотты болған және есепте тұрған тұлғаларды, мерзімінен бұрын шартты түрде босатылғандар мен жайсыз отбасылар назарға алынды.
Жамбыл облысы ІІД бастығының орынбасары полиция полковнигі Талғат Жүнісқадыровтың айтуынша, еңбекпен өтеу күндері 8062 адам тексерілген, соның ішінде бір жарым мыңы мерзімінен бұрын босатылғандар, екі мыңдайы шартты түрде сотталғандар, әкімшілік бақылауға қосымша 531 адам алынып, 143 адамға қорғау жөніндегі жазбаша өкім берілген.
-Акцияның мақсаты қылмыстың және бұрын сотты болғандардың, қамаудан шартты түрде босатылғандардың арасындағы, сонымен қатар маскүнемдер, нашақорлар, отбасында жанжал шығарушылардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын жүргізу. 1 қарашада өткізілген «Есепке алу» операциясы барысында балалар қылмысын алдын алуға ерекше назар аударылды. Бұл күндері тәртіп сақшылары 1763 жеткіншектердің үйлерін аралап, құқық бұзушылыққа бейімді 99 кәмелетке толмағандарды есепке қойды. Барлықтарымен жеке дара алдын алу әңгімелері жүргізілді. Отбасылық-тұрмыстық қатынастарда қайшы әрекеттер үшін 85 ересек тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, соның ішінде 31-і - соққыға жыққаны үшін, 49-ы - кішігірім бұзақылықтар үшін, 609-ы - қоғамдық орындарда спирттік ішімдік пайдаланғаны үшін. Өңірде жеке құрам арасында қылмысты жасыруға жол бермеу, заңдылық пен тәртіпті нығайтуға қағидатты және қатаң шаралар қабылдануда, - дейді Т.Жүнісқадыров.