12:24, 20 Ақпан 2009 | GMT +5
Есепте тұрған жұмыссыздар саны бір айда 237 адамға көбейді
АҚТАУ. Ақпанның 20-cы. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының деректері бойынша, 2009 жылдың қаңтар айының соңында жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарға жұмыс іздеп 795 адам келген, олардың 317-сі ауыл тұрғындары,
![None None](/static/img/plug.webp)
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика департаментіне сілтеме жасап. Өткен айдың соңында жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде есепте тұрған азаматтар саны 1586 адамды құрады, ол алдыңғы айға қарағанда 237 адамға көп және 2008 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 43 адамға кеміді. Тіркелген жұмыссыздардың басым бөлігін ? 1086 адам, яғни 68,5 пайызын әйелдер құрады, ауыл тұрғындары ? 715 адам (45,1 пайыз). 2008 жылы желтоқсан айында экономикалық тұрғыдан белсенді халық санындағы тіркелген жұмыссыздардың үлес салмағы 0,8 пайызды құрады.
Қаңтар айында 251 адам жұмысқа орналастырылды, ол жұмыс іздеп келген адамдардың 31,6 пайызы, бұл 2008 жылдың сәйкес кезеңінен 12 адамға көп. Желтоқсан айында 146 ауыл тұрғыны жұмысқа орналастырылды. Қаңтар айында кәсіптік қайта дайындалуға, біліктілігін көтеруге жолданғандар болған жоқ, 403 азамат қоғамдық жұмыстарға тартылды (оның ішінде ауыл тұрғындары - 314 адам).2009 жылы 1 ақпандағы жағдай бойынша әр түрлі себептерге байланысты 14 кәсіпорын жұмысын жартылай тоқтатты. Амалсыз демалыста жүрген жұмысшылар саны ? 454 адам. Тіркелген жұмыссыздардың үлесі экономикалық тұрғыдан белсенді халық санының 0,8 пайызын, соның ішінде: Ақтау қаласында - 0,2 пайыз, Жаңаөзенде ? 2 пайыз, Бейнеу ауданы ? 0,8, Қарақия - 0,8, Маңғыстау ? 0,5, Мұнайлы ? 0,7 пайыз және Түпқараған ауданы бойынша 0,6 пайызды құрады.