Ешқашан жеңіліп көрмеген ауыр салмақтағы кубалық Луис Ортис бокстан шеттетілді
WBA баспасөз қызметіне сілтеме жасаған boxingscene.соm порталының хабарлауынша, 38 жастағы боксшы қазан айында WBA-дің допингке қарсы бағдарламасы аясында ерікті түрде допингке қан тапсырған. Бірақ талдау нәтижелері боксшы қанының құрамында боксшыларға тыйым салынған хлоротиазид және гидрохлоротиазид диуретиктерінің бар екенін көрсеткен.
29 қыркүйекте Ортис Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағы үшін өтуі тиіс америкалық Деонтей Уайлдерге қарсы жекпе-жек алдынан допинг сынағынан өтпеген. Кейін ол жекпе-жектен шеттетіліп, Уайлдер WBС-дің бұрынғы чемпионы канадалық Бермейн Стивернмен жұдырық түйістірген болатын.
Ортистің дисквалификациясының мерзімі 2018 жылдың 22 қыркүйегінде аяқталады. Егер Ортис ереже бұзбай, VADA-ның «Таза бокс» бағдарламасына қатысатын болса WBA 22 наурыздан кейін оның боксқа қайтуына рұқсат беруі мүмкін.
Әзірге ешқашан сүрініп көрмеген Ортис 27 жеңісінің 23-інде қарсыластарын нокаутқа түсірген.