09:43, 15 Ақпан 2010 | GMT +5
Есіл қаласына таяу тұста болған жол-көлік апатында төрт адам мерт болды
КӨКШЕТАУ. Ақпанның 15-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысына қарасты Есіл ауданының орталығы Есіл қаласына таяу тұста болған жол-көлік апатында үш азаматша мен төрт жасар бала мерт болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық жол полициясы басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Басқарма бастығының орынбасары Ризахмет Жанбековтың айтуынша, апатты жағдай Жезқазған-Петропавл күре жолы бойында 542-ші шақырымда тіркелген. Державин қаласына қонаққа шыққан жолаушылар көлігі жолдың шетіне тоқтап, тыныстап тұрған көрінеді. Қостанай облысының «Арасан» фирмасына қарасты КамАЗ тұрған жеңіл көлікті қағып кетеді. Нәтижесінде «Фольксваген» көлігі жүргізушісінің 1956 жылғы анасы, 1976 жылғы қарындасы, 1982 жылғы зайыбы мен 2006 жылғы ұлы дүниеден өткен. Сол көліктен бір ер адам ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Облыс орталығынан арнайы жасақталған тергеу тобы апатты анықтау шараларын қолға алған.