Есірткі бизнесі және есірткі қылмысымен күрес саласында ІІМ алдына қатаң талап қойылады - ҚР Президенті

«Есірткі бизнесі мен есірткі қылмысына қарсы күрес саласындағы ішкі істер министрлігі жұмысының маңыздылығын атап өткім келеді. Біз қазір бұл жұмысты әдейі Ішкі істер министрлігіне топтастырдық. Сіздерге қойылатын талап та өте қатаң болады», - деді еліміздің құқық қорғау органының алқа отырысы кезінде Елбасы.
Н.Назарбаев атап өткендей, өкінішке орай, Қазақстан Ауғанстаннан Еуропаға есірткі тасымалдау дәлізінің жолында орналасқан. Есірткі қаупінің деңгейі өте жоғары, сондықтан да ІІМ-нің осы бағыттағы жұмысын бағалау да маңызды мәселелердің бірі болып табылады.
«2011 жылды қорытындылағанда Қауіпсіздік кеңесі Ішкі істер министрлігмені және Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесе отырып, осы саладағы жағдайға мықтап сараптама жасауы қажет», - деген міндет қойды Мемлекет басшысы.