Есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комитеттің бұрынғы басшысына халықаралық іздеу жарияланды - ҚР ІІМ

АСТАНА. Тамыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - ҚР Ішкі істер министрлігі Есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комитеттің бұрынғы басшысы Асқар Исағалиевқа халықаралық іздеу жарияланды. Бұл туралы бүгін апталық брифинг барысында журналистердің сұрақтарына жауап берген ҚР Ішкі істер министрінің баспасөз хатшысы Қуанышбек Жұманов айтты,

Есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комитеттің бұрынғы басшысына халықаралық іздеу жарияланды - ҚР ІІМ

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жүргізілген бірқатар тергеу шаралары мен сараптамалардан кейін ҚР ІІМ Тергеу комитеті үстіміздегі жылғы мамырдың 28-і күні А.Исағалиевке қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 307 бабы, 4-ші бөлігі бойынша (лауазымды өкілеттікті теріс пайдалана отырып, ауыр зардаптар тигізу) қылмыстық іс қозғады. ІІМ басшысының бұйрығы бойынша ол ішкі істер органдарынан шығарылды», - деп атап өтті Қ.Жұманов.

Бүгінде жиналған дәлелдемелерге сәйкес және А.Исағалиевтің түсінік беру үшін сотқа келмегені ескеріліп, Астана қаласының Алматы аудандық соты үстіміздегі жылғы шілденің 23-і күні оны қамауға алу туралы сырттай шешім шығарып, оған халықаралық іздеу жарияланды.