Есірткі қылмыстары өсіп келеді ? Ақтөбе
АҚТӨБЕ. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбе қаласының сотында есірткі сатумен айналысқан 70 жастағы зейнеткердің ісі қаралуда,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Бұрын мұғалім болған зейнеткер кейуана мен оның 45 жастағы қызын полицейлер өткен жылдың күзінде ұстаған болатын. ҚР Бас прокуратурасының Ақтөбе облысы бойынша құқықтық статистика және арнайы есеп комитеті басқармасының аға прокуроры Мәрзия Шоңмұрынованың айтуынша, сотталушы өзінің кінәсін толық мойындады және есіркі бизнесімен айналысуына жеке басындағы қайғысы итермелеген, оның баласы нашақор болған екен. Полиция зейнеткер мен оның қызын олар есірткінің бірнеше дозасын сатып үлгерген кезде қолға түсірді. Оның қызы сотқа дейін жете алмады ? қатерлі ісік науқасынан қайтыс болып кетті. Мамандардың пікірінше, нашақорлық белең алып барады. ҚР ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есеп комитеті басқармасының мәліметтеріне қарағанда, Ақтөбе облысында 2008 жылы есірткімен байланысты 321 қылмыс тіркелді. Бұл көрсеткіш 2007 жылмен салыстырғанда 10 пайызға жоғары. Қылмыстардың көпшілігі ? 70 пайызы Ақтөбеде жасалған. Аудандар арасында қылмыстың осы түрі Хромтау, Мұғалжар, Қарғалы және Шалқар аудандарында жоғары. Қолдағы материалдар бойынша сотқа 171 іс жөнелтілген. Өткен жылы заңсыз айналымнан 92 килә есірткі тәркіленді. Соның ішінде есірткінің ауыр түрі ? героинның таралуы арта түсуде.