Есірткі тасымалдап мың доллар пайда таппақ болған әйел құқықталды

СЕМЕЙ. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Шығыс Қазақстан облысының кеден қызметкерлері есірткінің жаңа партиясын тәркіледі,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.ШҚО кедендік бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, «Железнодорожный» бекетінде «Алматы - Новосібір» бағытындағы жолаушылар пойызын тексеру кезінде жолаушы әйелдің жүк сөмкесінен салмағы үш килә болатын героин тәркіленді. Алпыс жастағы Қырғызстан азаматшасы есірткіні Ресейге алып өтпекші болған. Оның айтуы бойынша, азаматша мұндай қылмысқа өзінің тұрмыстық материалдық жағдайының ауырлығына байланысты барғандығын айтады. Кедендік тексеру кезінде азаматшаның өзін-өзі күдікті жағдайда ұстауы, оның мың доллар пайда табу жоспарын іске асырмады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Соңғы жаңалықтар