Есірткіге қарсы жаңа бағдарламада қарастырылған шаралар жүзеге асса, бұл індетпен күрестің тиімділігі артады

None
None
АСТАНА. Мамырдың 19-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Ішкі істер министрі Серік Баймағанбетовтың пайымдауынша,
Есірткіге және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2009-2011 жылдарға арналған бағдарламасында қарастырылған шаралар жүзеге асатын болса, елімізде бұл індетпен күрестің тиімділігі айтарлықтай жақсаратын болады. «Оңтүстік шекараларды нығайту және құқық қорғау органдары арасындағы өзара іс-қимыл біздің болжамымыз бойынша заңсыз айналымнан алынатын есірткі заттарының көлемін 15-20 пайызға, ал жыл сайын тәркіленетін апиындардың көлемін 30-50 пайызға ұлғайтады», - деді бүгін Үкімет отырысында С. Баймағанбетов.Сонымен қатар ол есірткі контрабандасының жыл сайын анықталатын фактісі 20-25 пайызға жоғарылайтынын атап өтті. Бұдан бөлек, есірткіге тәуелділікке балаларды, жасөспірімдерді және жастарды тарту көлемін төмендету деңгейі жыл сайын 5 ? 10 пайызға артады. «Көзделіп отырған шаралардың нәтижесінде емдеудің және оңалтудың сапасы жоғарылап, есірткіге тәуелділерді емдеумен қамту ұлғайтылады», - деді ол.
Соңғы жаңалықтар