Есірткілік өсімдік өсірген әйел ұсталды - Талдықорған

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитетінің қызметкерлері құрамында есірткі заты бар өсімдік өсірген Талдықорған тұрғынын тұтқындады.
None
None

Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, тінту кезінде полицейлер қарасораның 69 бұтасын тапты, жалпы салмағы 200 келі.

Қазір 40 жастағы әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдіктіден ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды.

Соңғы жаңалықтар