Есірткіні аяғындағы протезге салып өткізбекші болған ресейлік азамат ұсталды

АСТАНА. 14 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстандық шекарашылар протезде есірткіні алып өтпекші болған пойыз жолаушысын ұстады, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен.

Есірткіні аяғындағы протезге салып өткізбекші болған ресейлік азамат ұсталды

«Мерке» өткізу пунктінде шекара наряды «Бішкек - Екатеринбург» қатынасындағы жолаушылар пойызына шекаралық бақылау жүргізуді жүзеге асыру барысында, «Аргос» атты арнайы итті қолдану арқылы қарап тексеру кезінде қызметтік ит өзінің іс-қимылымен Ресей Федерациясының 1960 жылғы азаматының сол аяғындағы протезді көрсетті.

Вагон жолсерігі мен екі куәгердің қатысуымен жолаушының сол аяғы бунағының протезінде өзіне тән исі бар қою қоңыр зат анықталды. Сот-химиялық сараптама қортындысына сәйкес ол 25 грамм гашиш болып шықты.

Есірткі заттарын ұстау фактісі бойынша құқық қорғау органдары хабарланды.