«Ескерткіштен ескерткішке дейін» - Жеңіс күніне арналған Павлодардағы автожарыс

ПАВЛОДАР. Мамырдың 8-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - «Ескерткіштен ескерткішке дейін» автокөлік жарысы бүгін, мамырдың 8-күні Павлодарда өтеді,
None
None

деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі. Автожүргізушілер, мотоциклшілер және мектептің үздік 30 оқушысы бұл мерекелік шараны Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арнайды.

Мәре сызығын Жеңіс алаңынан кескен олар, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, Кеңес Одағының Батыры Қанаш Қамзиннің ескерткішіне келеді, Павлодардағы ардагерлер саябағындағы Т-34 танкінің қасында болып, Ленин және Кенжекөл ауылдарындағы Даңқ ескерткіштеріне барады.

Патриоттық акция қаланың ішкі саясат бөлімімен бірлесіп «Жолдар» қоғамдық жастар ұйымының бастамасымен жүзеге асып отыр.

Соңғы жаңалықтар