ЕСКЕРТУ: 6 облыста күннің күрт суытуы күтіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола, Солтүстік қазақстан облыстарында 22-23 қыркүйекте түнде ауа температурасының 0-5 градусқа дейін төмендеуі күтіледі.

ЕСКЕРТУ:  6 облыста  күннің күрт суытуы күтіледі

Бұл туралы Қазгидромет хабарлайды

22-23 қыркүйекте Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында жауын-шашын, жаңбыр соңы жылбысқы қарға ұласуы ықтимал, ал түнде ауа температурасының 0-5 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі.

22-23 қыркүйекте Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде түнде ауа температурасының 0-5 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі.