ЕСКЕРТУ: Алматы облысының таулы аудандарында қар көшкіні жүруі ықтимал

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласының құтқару қызметі» МКҚК «Қазгидромет» РМК филиалының ауа райына байланысты ескертуіне назар аударуға шақырады.

ЕСКЕРТУ: Алматы облысының таулы аудандарында қар көшкіні жүруі ықтимал

Ондағы мәліметтерге сәйкес, Алматы облысының таулы аудандарында күннің жылуына және қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты 2000 метрден биік аймақта 21-22 сәуір аралығында қар көшкіні жүру мүмкін. Соған байланысты тұрғындарға қар басқан күрт биік жерлерге шықпауға және таулы аймақтарда абай болуға кеңес беріледі.