10:36, 17 Наурыз 2014 | GMT +5
ЕСКЕРТУ: Астана мен тағы 3 облыста желдің екпіні секундына 30 метрге дейін жетуі мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана мен Қазақстанның үш облысында ауа райының өзгеруіне байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
«18 наурыз күні күндіз, 19 наурыз тәулік бойы Ақмола, Қарағанды, 19 наурыз Павлодар облыстарында оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 17-22-ге дейін күшейіп, тіпті 23-28 метрге дейін жетуі мүмкін, жекелеген аудандарда секундына 30 метрге дейін барады», - делінген хабарламада. Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Астанада 18 наурыз күні күндіз және 19 наурызда жаңбыр, қар жауып, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 17-22 жетіп, 25 метрге дейін күшейуі ықтимал.