Ескерту: бүгін Ақтөбе облысында шаңды дауыл болжанды

АСТАНА. KAZINFORM — 18 мамыр күні Ақтөбе облысының оңтүстігінде жаңбыр мен найзағай күтіледі. Шаңды дауыл болжануына байланысты өңір тұрғындарына ескерту жасалды.

шаңды дауыл
Фото: Kazinform

Синоптиктердің болжамынша, күндіз облыстың оңтүстігі мен орталығында шаңды дауыл болуы мүмкін.

Шығыс және солтүстік-шығыста жел соғады:

• түнде — 15–20 м/с

• күндіз — 15–20 м/с, кей жерлерде 23–28 м/с дейін күшейеді. 

Қатты жел салдарынан ағаштар құлап, шатыр жабындары ұшуы ықтимал. Жарнамалық баннерлер мен әлсіз бекітілген конструкциялардың зақымдануы мүмкін.

Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Ақтөбе қаласы: 18 мамырда шығыс, солтүстік-шығыс желі соғып, екпіні 15–20 м/с, күндіз кей уақытта 23 м/с дейін жетеді.

Тұрақсыз ауа райына байланысты Ақтөбе облысының әкімдігі жұртшылықты сақ болуға шақырды. 

• Ағаштардың, электр бағандарының және әлсіз конструкциялардың жанында тұрмаңыздар.

• Көліктерді ағаштардың астына қоймаңыздар.

• Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар.

• Өрт қауіпсіздігін сақтап, от жақпаңыздар.

• Қатты жел кезінде мүмкіндігінше үйде болыңыздар. 

Бүгін сондай-ақ Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, Түркістан, Алматы облыстарында және Жамбыл облысының таулы аудандарында, Жетісу облысында жаңбыр жауады деп болжанды.