18:43, 27 Желтоқсан 2015 | GMT +5
ЕСКЕРТУ: Қазақстанның 4 аймағында көктайғақ болып, боран соғады
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ ТЖ Комитеті 29 желтоқсан күні республиканың 4 аймағына дауылды ескерту жариялады.

«29 желтоқсанда Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты қар жауады, көктайғақ, бұрқасын болады, оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады күші 15-20, кей жерлерде 25, екпіні 30 м/с күшейеді», - деп жазылған хабарламада.