ЕСКЕРТУ: Маңғыстау облысында шаңды дауыл тұрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысы бойынша гидрометеорологи орталығы өңір аумағында метеорологиялық жағдайдың нашарлағанын хабарлады.
None
None

Орталық ақпаратынша, 29 наурыздан 31 наурызға дейін аймақта жел күшейіп, кей жерлерде 25 м/с дейін жетеді. Шаңды дауыл болуы да ықтимал.

Электр тарату және байланыс желілерінде апаттық жағдайдың тууы, жеңіл құрылыстардың, үй шатырларының, жарнамалық құрылымдардың бұзылуы және ағаштардың құлауы мүмкін.

Облыс тұрғындарына далада абай болуына кеңес берілді.

Соңғы жаңалықтар