Ескерту: Таразда нөсерлі жаңбыр жауып, ұйытқыма жел соғады

ТАРАЗ. 15 наурыз. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы бойынша ТЖД-нің баспасөз қызметі ауа райы жағдайына байланысты Таразда ескерту жариялады.
None
None

«Қазгидромет» РМК-нің мәліметтері бойынша, 15 наурыз күні күндіз Жамбыл облысында жауын-шашын күтіледі, кей жерлерде жауын қатты болады, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Жамбыл облысы бойынша ТЖД Тараз қаласы мен аудандардың әкіміне, облыстық Азаматтық қорғаныс және Төтенше жағдайлар қызметтерінің басшыларына алдын алу шараларын өткізу қажеттілігі жөнінде хат жолдады.

Жамбыл облысы бойынша ТЖД-дан хабарлағандай, қазіргі уақытта өңір жолдарында жағдай тұрақты, облыс аумағындағы республикалық маңызы бар барлық жолдар, соның ішінде Қордай, Күйік, Шақпақ және Хантау асулары қозғалыс үшін ашық, қауіпті учаскелерде жол бойында жұмыстар жүргізілуде. Өңірде ауа температурасы - 15-20 градус нөлден жоғары.

Соңғы жаңалықтар