Ескі үйді бұзған жұмысшылар қап толы қазына тауып алды

АСТАНА. 10 қазан. ҚазАқпарат - Якутскіде кезінде көпес Афанасий Мигалкиндікі болған ескі үйдің шатырын бұзған жұмыскерлер  1,5 келі күміс монеталар салынған қапшықтың үстінен шықты.

Ескі үйді бұзған жұмысшылар қап толы  қазына тауып алды

 Қапшықта XIX ғасырдың ортасы - ХХ ғасырдың басына жатқызылатын барлығы 54 рубльдік монеталар мен 120-ға жуық елу тиындықтар болды. Олардың барлығы жоғары сынамалы күмістен жасалған. Жұмыскерлер бұл қазынаны үйдің шатырын бұзған кезде тауып алған.