09:16, 29 Желтоқсан 2015 | GMT +5
ESPN телеарнасының нұсқасы бойынша «Жыл боксшысы» атағы Альвареске бұйырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ESPN телеарнасының нұсқасы бойынша «Жыл боксшысы» атағын орта салмақтағы WBC чемпионы 25 жастағы мексикалық Сауль «Канело» Альварес алды, деп хабарлады Sports.kz.

Қазақстандықтың болашақтағы ықтимал қарсыласы Геннадий Головкинді, кіші Флойд Мейвезер, Тайсон Фьюри және Роман Гонсалесті басып озды.