Есірткі айналымына қарсы күрес: 6 ұйымдасқан қылмыстық топ жойылды
АСТАНА. KAZINFORM — Ішкі істер министрлігінде кеңейтілген алқа отырысы өтті. Осы жиында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл саласында 1 880-нен астам есірткі қылмысының жолы кесілгені айтылды. Бұл туралы Polisia.kz жазды.
— Оның ішінде бір трансұлттық топты қоса алғанда 6 ұйымдасқан қылмыстық топ жойылып, 9 ұйымдастырушы мен 29 белсенді қатысушы ұсталды. Заңсыз айналымға жарты тоннадан астам синтетикалық есірткінің түсуіне жол берілмеді, — делінген хабарламада.
Министр есірткі зертханаларын анықтау, прекурсорларды заңсыз жеткізу арналарының жолын кесу, есірткі бизнесінің қаржылық ағындарын бұғаттау және жастар арасында профилактикалық жұмысты күшейтуді тапсырды.
Еске сала кетейік, Ішкі істер органдарнда биылғы жылдың бірінші жартыжылдығындағы жедел-қызметтік қызмет қорытындыcы шығарылып, алдағы кезеңге негізгі міндеттер айқындалды.
Жыл басынан бері трансұлттық сипатта, 38 қылмыстық іс тіркеліп, қылмыстық ортадан шыққан 160-тан астам адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.