22:48, 22 Тамыз 2014 | GMT +5
Эстондық төсекке жасырып, бес мыңнан астам монетаны Ресейге алып өтпек болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нарва қаласының тұрғыны Ивангород көпжақты автомобиль өткізу бекеті арқылы Ресейге бірегей нумизматикалық коллекция алып өтпек болды, деп хабарлады ресейлік БАҚ.

Солтүстік-Батыс кеден басқармасы баспасөз қызметінің «Росбалтқа» хабарлауынша, шекараға келген Эстония азаматы тек жүк автомобиліне ғана құжаттар тапсырған. Машинаны тексеру барысында жатын орыннан альбомдар, планшет, түрлі ақша белгілері, маркалар мен монеталар салынған жәшік табылған.
Табылған бес мыңнан астам коллекция Мәскеуге сараптамаға жіберілмек. Алдын ала ақпарат бойынша, әрбір монета жеке-жеке бағаланатын болады. Шақалар 1876, 1831, 1919, 1933 жылдары әртүрлі елде шығарылған. Бұдан бөлек көптеген мемлекеттердің көне ақша белгілері, облигациялар мен вексельдер бар.