08:13, 14 Шілде 2010 | GMT +5
Эстония еуро аймағына 2011 жылғы қаңтардың 1-інен бастап қосылады
БРЮССЕЛЬ. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Сейсенбі, шілденің 13-і күні Еуропалық Одақ Эстонияның еуро айналым аймағына 2011 жылғы қаңтардың 1-інен бастап қабылдануы туралы ресми шешім шығарды, деп хабарлайды Еуропалық комиссияның баспасөз қызметі.

Экономика және валюталық саясат жөніндегі еурокомиссар Олли Рен атап өткендей, Эстония 2011 жылғы қаңтардың 1-інен бастап еуроны қабылдауға дайын, алайда ол бюджет-қаржы саясатының сәйкес деңгейін қолдау бойынша әлі де өз күш-жігерін жалғастыруы керек. «Эстония жітілікті сақтап және де макроэкономикалық диспаланстардың үдеу белгілері байқалған уақытта немесе бәсекеге қабілеттілікті жоғалтқан уақытта дер кезінде оларды елеуі керек», - деп атап өтті ол.
Сонымен, Эстония айналымына еуро енгізілген Еуроодақтың 17-ші мемлекеті болады. Валюта айырбастаудың ресми курсы 1 еуро үшін 15,6466 эстониялық крон деңгейінде бекітілді.