Эстония еуроға ауысты

БРЮССЕЛЬ. 18 қаңтар. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Эстония 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап еуроға ауысты.
None
None

Ол біртұтас еуропалық валютаға ауысқан 17 ел атанып отыр, деп хабарлады Еурокомиссияның баспасөз қызметінен.

Эстон кроны мен еуроның айналымда қатар жүру кезеңі жұма, 14 қаңтарда аяқталды. Еуро өткен сенбіден бастап Эстониядағы жалғыз заңды төлем құралына айналып отыр. Еуропалық шенеуніктердің хабарлауынша, еуро валютасына ауысу үдерісі сәтті өтті, қандай да бір проблемалар туындаған жоқ. Банктер, пошта бөлімдері мен бөлшек сауда нүктелері екі валютаның қатар жүруімен және еуроға ауысуымен байланысты туындаған қосымша проблемаларды қиналмай еңсеріп шықты.

«Жаңа ақшаға ауысу процесі Еурокомиссия мен еуропалық орталық банкмен тығыз ынтымақтастықта жүргізілді», деп хабарлады экономика мәселелері және валюта саясаты жөніндегі еурокомиссар Олли Рен.

Сарапшылардың айтуынша, эстон кронының айналымдағы мерзімі ресми аяқталғанына қарамастан, ескі ақшаның 13 пайызы әлі де эстондықтардың қалталарында қалып отыр. Халық ол ақшаларын ағымдағы жылдың маусым айының соңына дейін кез келген банкте ресми айырбас бағамы бойынша және қосымша қызмет ақысынсыз еуроға ауыстыра алады. Одан кейін бірді-екілі банктер ғана валютаны тағы 6 ай бойы ауыстырып бере алады. Ал 2012 жылдан бастап кронды еуроға ауыстыру мүмкіндігі тек эстон орталық банкінде ғана сақталады.

Соңғы жаңалықтар