Эстония мен Финляндияны 15 жылдан кейін 13 млрд. еуро тұратын суасты тоннелі жалғастырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Эстония мен Финляндия астаналарын 2030 жылы суасты теміржол тоннелі жалғастырмақ, оның құны 13 млрд. еуроға бағаланып отыр, деп хабарлады Росбалт.
None
None

Бұл туралы кеше екі ел өкілдері Таллинде қол қойылған көлік саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумда айтылған.

«Тоннель салу әзірге болашақтың ісі, дегенмен бұл жобаның екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты дамытуда болашағы зор», - деп мәлімдеді шара кезінде Эстония экономика және инфрақұрылым министрі Кристен Михал. Одан басқа құжатқа Финляндия көлік және коммуникация министрі Анне Бернер мен Хельсинки вице-мэрі Пекка Саури қол қойды.

Жоспарға сәйкес жалпы ұзынндығы 80 шақырымдық тоннель 2030 жылға қарай аяқталмақ. Бұл жобаға инвестициялар көлемі 13 млрд. еуроға бағаланып отыр, оның 40 пайызын Еуроодақ ұсынуы тиіс. Тоннельдегі темір жол қазір салынып жатқан «Рэйл Балтик» тенміржолымен түйіседі. «Бұл тоннель біз үшін Балтық елдері арқылы Орталық Еуропаға шығатын арна болмақ», - деді Саури BNS ақпараттық агенттігіне.

Хельсинки мэриясының есептеуінше, күн сайын тоннельді 25 мыңға тарта адам пайдаланбақ. Таллиннен Хельсинкиге дейінгі сапар жарты сағат уақыт алады, билет құны 36 еуро болады.

Соңғы жаңалықтар