Эстония президенті мен Латвия қорғаныс министрлігі қызметкерінің үйлену тойы 2 қаңтарда өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Эстонияның 62 жастағы президенті Тоомас Хендрик Ильвес пен оның қалыңдығы 38 жастағы Латвия қорғаныс министрлігінің неке қию рәсімі 2 қаңтарда өтеді, деп мәлім етті жексенбі күні президенттің қоғамдастықпен байланыс кеңесшісі Тоомас Силдам, деп хабарлайды Utro.ru.
None
None

«Ильвес пен Купценің неке қиюы екі жақтың келісімімен шағын отбасылық ортада өтеді. Рәсім Эстонияда болады», - деді Силдам Эстондық телеарнаға.

Латвиялық БАҚ деректеріне сәйкес 1997 жылы Иева Купце Латвиядағы ІІМ дипломатиялық жұмысын бастаған. 2005 жылы НАТО саммитін ұйымдастырумен айналысты. Эстондық президентпен ол 2003 жылы Ильвес Еуропаламенттің депутаты, ал Купце еуропалық заңнама органының қызметкері болған кезде Брюссельде танысқан. Бұрын тұрмыс құрмаған, бірақ оның екі баласы бар.

Эстония президенті Тоомас Хендрик Ильвес пен оның зайыбы Эвалин Ильвес 30 сәуірде 2004 жылы құрған некелерін ресми бұзып, ажырасқан. Олардың бірге тәрбиелеп отырған қыздары бар.

Соңғы жаңалықтар