Эстония президенті үшінші рет үйленді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Эстония президенті Тоомас Хендрик Ильвес сенбі, 2 қаңтарда, Латвия Қорғаныс министрлігінің кибергеосаяси үйлестіру бөлімінің басшысы Иева Купцемен некелесті.
None
None

Неке қию рәсімі Вильяндиский уезінің Халлисте шіркеуінде өтті. Ерлі-зайыптыларда ортақ бала жоқ. Алайда, Иеваның бұрынғы некесінен 2 баласы бар, Тоомас Хендрик Ильвестің де бұрынғы некелерінен 2 бала бар. Президент үшін бұл - үшінші үйлену тойы. Осыған дейінгі әйелі Эвелин Ильвеспен ол өткен жылдың сәуірінде ажырасқан.

Эстонияның жаңа бірінші ханымы президент әйелі ретінде берілетін өкілдік міндеттерін пайдаланғысы келмейтінін тек, оның қатысуы шарт болған жерде ғана қолданатынын айтқан, деп жазды Лента.ру.
Иева Ильвес Латвия қорғаныс министрлігіндегі бұрынғы қызметін жалғастыра бермек, ол Эстония заңында қарастырылған ай сайынғы төлемақы, хатшы мен қызметтік көліктен бас тартты.

Соңғы жаңалықтар