Ет бағасын қалай арзандатуға болады — фермер пікірі
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанда мал шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтар көбейсе, бәсеке артып, ет бағасы арзандауы мүмкін. Бұл туралы Қазақтың ақбас тұқымы республикалық палатасының атқарушы директоры, фермер Бахтияр Өтелбаев BIZDIÑ ORTA подкастында айтты.
Оның айтуынша, ет бағасын тұрақтандырудың бір жолы — мал шаруашылығына жаңа кәсіпкерлерді тарту.
— Осы салаға кіріңіздер, келіңіздер. Неғұрлым шаруашылық көп болса, ертең еттің бағасы да арзандайды. Өйткені бәсеке болады. Жақсы малды тиімді бағамен өндіріп, етті нарыққа көбірек шығарсақ, бағаны тұрақтандыруға болады, — деді Бахтияр Өтелбаев.
Фермердің пікірінше, шаруашылықтардың көбеюі нарықтағы бәсекені күшейтіп, ет ұсынысын арттыруға мүмкіндік береді.
Осыдан бұрын Жетісу облысында төрт жылда ет өндірісі 11,6%-ға артқанын жазғанбыз.