Еуразия қорының Орта Азиядағы әділеттік жөніндегі зерттеуі қорытыланды

АЛМАТЫ. 15 ақпан. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Бүгін Алматыда «Hyatt Regency Almaty» қонақ үйінде Орта Азия Еуразия қорының «Бәріне тең әділеттікке қол жеткізу» тақырыбында дөңгелек үстелі өтіп жатыр.
None
None

Онда Орта Азия елдеріндегі әділеттікке тең қол жеткізу мәселелері талқылануда. Финляндия Сыртқы істер министрлігінің ынтасымен Орта Азияның Еуразия қоры зерттеу жүргізген болатын. Оның нәтижелері бойынша, заң мәселелерінің көптігіне қарамастан, Орта Азия азаматтары көмек іздеп сотқа немесе полицияға өте сирек шағымданады. Көп жағдайда олар даудың әділетті шешілуінен үміттенбейді.

Финляндия Әлілет канцлерінің орынбасары Микко Пуумалайненнің айтуынша, бұл бағдарлама Орта Азия елдерінің азамттарына және қоғамның әлсіз топтарына әділеттікке қол жеткізуге мүмкіндік береді деген сенімде. «Финляндия кезінде тұрақсыздық кезеңін басынан өткерген. Алайда, біз демократиялық құрылымдар мен әділеттікке тең қол жеткізуді сақтап қалдық. Осыған орай, еліміздің тәжірибесі Орта Азия елдеріне пайдалы болады деп үміттенеміз», - деді М. Пуумалайнен.

Соңғы жаңалықтар