«Еуразия» сақтандыру компаниясы 2008 жылдың қорытынды есебін берді

АЛМАТЫ. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Бүгін Алматыда «Еуразия» сақтандыру компаниясы 2008 жылы атқарған іс-шараларының қорытындысын баспасөз маслихатында журналистерге жария етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Сақтандыру компаниясының өкілдері былтырғы жыл өте сәтті болғандығын айтып отыр. Бұл - компанияның ТМД елдерінің сақтандыру нарығында жетекші орынды иеленуіне мүмкіндік берген. Атап айтқанда, әлемдегі қаржы мекемелері рейтингтерінің жаппай төмендеуіне қарамастан, «Еуразия» сақтандыру компаниясы халықаралық деңгейде танылды. Бірқатар халықаралық басылымдар аталмыш компанияны Қазақстандағы ең үздік сақтандырушы деп мойындаған. Осыған орай, Еуропа Ғарыш Агенттігі (ESA) «Еуразия» компаниясын ең сенімді сақтандырушылар тізіміне енгізді. Өйткені компанияға ESA жобаларының ғарыштық тәуекелдерін сақтандыру мүмкіндігі сеніп тапсырылған болатын. Жалпы ғарыш саласындағы сақтандыру түрлері Қазақстан үшін соны сала болып табылады. Аталмыш компания бұл саланы елімізде тұңғыш қолға алды. Сондай-ақ компания студенттер, аспиранттар, жас ғалымдар мен сақтандыру саласының мамандары арасында сақтандыру тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік байқау өткізіп келеді. Байқау «Идея мен оны іске асырудың арасы бір қадам» деп аталады. «Еуразия» компаниясы 2008 жылы сақтандыру сыйақыларының мөлшерін 7,8 пайызға арттырған. Оның нарықтағы үлесі де 2007 жылмен салыстырғанда 13,2 пайызға өсті. 2009 жылдың 1-қаңтарында компания активтері 29,5 пайызға артып, 41,086 млрд. теңгеге жетті. Меншікті капиталы өткен жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда 18,9 пайызға артып, 25,568 млрд. теңгені құраған. «Еуразия» СК» АҚ атқарушы директоры Қуаныш Дәуітовтың айтуынша, компания денсаулық сақтау саласында да бірқатар жобаларды жүзеге асырған. «Жуырда компаниямыздың әлеуметтік-медициналық бағдарламасы аяқталды. «Алдын алу арқылы жеңеміз» деп аталатын жоба аясында сақтандыру компаниясы құны 1 млн доллардан асатын сандық рентген қондырғысын сатып алып, орнатып берді. Осы бағдарлама шеңберінде компаниямыз ай сайын әлемнің үздік клиникаларынан дәрігерлер шақыртып отырады. Олар науқастарды тегін тексеріп, кеңестер береді. Сондай-ақ «Еуразия» компаниясы Оңтүстік Қазақстан облысындағы АҚТҚ індетін жұқтырған балаларға қаржылай көмек берді», дейді Қуаныш Дәуітов.
Соңғы жаңалықтар