15:46, 21 Қаңтар 2009 | GMT +5
Еуразиялық банк 2008 жылдың қорытныдысын жариялады
АЛМАТЫ. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - 2008 жылдың қорытындысы бойынша «Еуразиялық банк» АҚ-ның жиынтық активтері өсіп, 271,4 миллиард теңгені құрады.

Бұл туралы бүгін Алматыда арнайы өткен баспасөз мәслихатында банктің Басқарма Төрағасы Жомарт Ертаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оның айтуынша жыл басынан бергі өсім 87,6 миллиард теңгені немесе 47,6 пайызды құраған. Банктің меншікті капиталы бизнеске сәйкес өсіп, 2009 жылғы 1-ші қаңтарда 5 миллиард теңгеге артып, 25 миллиард теңгені немесе 25,2 пайызды құраған. «Өткен жыл Еуразиялық банк үшін өте табысты жыл болды. Жыл ортасында басқару тобы ауысқаннан кейін, қысқа мерзім ішінде рестайлинг жүргіздік, өнімдер желісін жаңарттық, қаржы институтының нарықтағы орнын нығайту үшін күрделі қадамдар жасадық. Активтердің, капиталдың, несие портфелінің, депозиттік базаның және басқа көрсеткіштердің жоғары өсімі ? банктің жаңа даму стратегиясының өміршеңдігінің көрінісі», - дейді «Еуразиялық банк» АҚ-ның Басқарма Төрағасы Ж. Ертаев. Сондай-ақ банктің несие портфелі 2008 жылы 9,5 пайызға немесе 127,4 миллиард теңгеге дейін өскен. Ал қалыпты заемдардың үлесі 6,2 пайызға өсіп, күмәнді заемдар 7 пайызға азайды, сенімсіз заемдар кішігірім өсім - 0,8 пайызды көрсеткен.Банктік депозиттер 134,1 миллиард теңге болған.Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 50,7%-ға жоғары. Сондай-ақ, 2008 жылы жеке тұлғалардың жедел депозиттері 89,2 пайызға көбейген. Банк өткен жылы сыртқы заемдар бойынша соңғы ірі төлемді жүзеге асырып, нәтижесінде банктің міндеттемелеріндегі сыртқы қаржыландырудың үлесі 5,5 пайызды ғана немесе 13,6 миллиард теңгені құрап отыр. Өткен жылы банкте қолданыстағы карталардың көлемі бір жыл ішінде 86 пайызға, банкоматтардың саны ? 131 пайызға, POS терминалдар ? 68 пайызға өскен. Сондай-ақ 2008 жылдың желтоқсан айында Еуразиялық банк әлемде бірінші болып алтынмен көмкерілген және нағыз бриллианты бар VISA картасы мен Қазақстанда бірінші болып 6 жас пен 18 жас аралығындағы балаларға арналған төлем карточкасын шығаруға кірісті. 2008 жыл ішінде банкте 11 жаңа бөлімше, Семей қаласында бір филиал ашылған. Нәтижесінде 2009 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Еуразиялық банктің филиалдар желісі 18 филиалдардан және 47 бөлімшелерден тұрады.