Еуразиялық банк ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру бағдарламасы аясында мемлекеттік қаражатты игеруді мерзімінен бұрын аяқтады

None
None
АЛМАТЫ. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат - Бүгін «Еуразиялық банк» АҚ ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру бағдарламасы аясында бөлінген мемлекеттік қаражатты игеруді мерзімінен бұрын аяқтады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш қаржы құрылымының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Осы бағдарламаны жүзеге асыру барысында Еуразиялық банкке жалпы сомасы 3,9 млрд. теңге ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру туралы өтінішпен қаржы институтының 1199 клиенті жүгінген. Нәтижесінде Еуразиялық банк 3 млрд. теңгеге 866 клиенттің заемдарын қайта қаржыландырған. Бөлінген қаражаттың 100 пайыз игерілуін, сондай-ақ клиенттерінің өтініштерін назарға ала отырып, Еуразиялық банк «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ға ипотекалық заемдарды қайта қаржыландыру бойынша тұрғындардың сұраныстарын толық қанағаттандыру мақсатында қосымша қаражат бөлу туралы өтініш жасады. «Еуразиялық банк бөлінген 3 млрд. теңгені мерзімінен бұрын игеріп, мемлекеттік дағдарысқа қарсы бағдарламаның жүзеге асуына өз үлесін қосты. Заемдарды қайта қаржыландыруды белгіленген мерзімінен 2 апта бұрын аяқтаған Еуразиялық банктің бұл жұмысты жалғастыруға әлі де мүмкіндігі бар. Банкте клиенттерден түсіп жатқан өтініштер көп, Банк бағдарлама аясында қосымша қаражат алған жағдайда, олар да қанағаттандырылуы мүмкін» - дейді «Еуразиялық банк» АҚ Басқарма төрағасы Жомарт Ертаев.
Соңғы жаңалықтар