14:01, 26 Мамыр 2009 | GMT +5
Еуразиялық банк қаңтар-сәуір айларында жеке тұлғалар салымдарының өсу қарқыны бойынша көшбасшы болды
АЛМАТЫ. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Еуразиялық банк 2009 жылғы қаңтар-сәуір айларында Қазақстандық банктердің бірінші ондығы арасында жеке тұлғалар салымдары бойынша көшбасшы болып отыр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Қаржылық қадағалау агенттігінің (ҚҚА) деректері бойынша, үстіміздегі жылдың алғашқы 4 айында Еуразиялық банктегі жеке тұлғалар салымдарының көлемі жыл басынан бері 105,9 пайызға көбейіп, екі есе өскен. Бұл Қазақстанның ірі он қаржы институттарының арасындағы ең жоғары көрсеткіш болып отыр.Сондай-ақ сәуір айының қорытындысы бойынша, Еуразиялық банктегі жеке тұлғалардың салымдары 6 792 976 теңгеге өскен, бұл үздік ондыққа енетін банктердің арасында ең жоғары нәтиже болып табылады.