Еуразиялық банк жеке тұлғаларға қашықтықтан қызмет көрсетуде "SMART-BANK" интернет-банкингті енгізді
АЛМАТЫ. Тамыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Еуразиялық банк жеке тұлғаларға қашықтықтан қызмет көрсетуде "SMART-BANK" интернет-банкингті енгізді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"SMART-BANK" қызмет пакеті - қазіргі заманғы барлық электрондық қызмет арналарының қатысумен жеке тұлғаларға электронды банк қызметін ұйымдастырудағы әмбебап шешім. Оның қызметінің жиынтығына: интернет-банкинг, SMS-банкинг, мобильді банкинг, WAP-банкинг, өзіне-өзі қызмет көрсету дүңгіршектері енеді. Онда ақпараттың қауіпсіздігі мен құпиялығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ең озық технологиялар қолданылады.