Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің мүшесі болды

АЛМАТЫ. Желтоқсанның 4-і. ҚазАқпарат /Данияр Сиқымбаев/ - Еуразиялық даму банкінің (ЕАДБ) басқарма төрағасы Игорь Финогенов ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі құрамына енді. Бұл туралы Астанда өткен осы  өкілетті кеңестік-консультативтік органның жалпы жиналысында жарияланды,
None
None

деп хабарлайды ЕАДБ баспасөз қызметі.

Шетелдік инвесторлар кеңесі 1998 жылы ел Үкіметі мен Қазақстанда жұмыс жасайтын инвесторлар арасындағы тікелей диалогты қамтамасыз ету, олардың инвестициялық қызметімен байланысты проблемалық мәселелерді жедел шешу және республикада инвестициялық ахуалды жақсарту  мақсатында құрылған болатын. Кеңеске Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев басшылық етеді. Оның құрамына ҚРҮкіметі, Президент Әкімшілігі, Ұлттық банк басшылары және халықаралық экономикалық және қаржылық ұйымдардың, шетелдік компаниялар мен корпорациялардың басшылары кіреді.

Шетелдік инвесторлар кеңесіне мүшелікке қабылдауға басты өлшем Қазақстан экономикасына 100 млн. АҚШ долларына тең тікелей инвестициялар салатын жер қойнауын пайдалану саласында жұмыс істейтін шетелдік және халықаралық инвесторлар және 25 млн. доллар салатын экономиканың басқа да секторларындағы инвесторлар болуы тиіс. ЕАДБ Қазақстан экономикасына 450 млн. АҚШ доллары көлемінде жобаларды қаржыландырды.

Соңғы жаңалықтар