Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Дағдарысқа қарсы қорын құру туралы шарты заңмен бекітіледі

АСТАНА. Желтоқсанның 4-і. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Дағдарысқа қарсы қорын құру туралы шарты заңмен бекітілуі тиіс.Осы мақсатта Қазақстан Үкіметі аталған шартты заң жобасы түрінде дайындап, Мәжілістің қарауына берді, 
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық Кеңесінің мемлекет басшылары деңгейінде 2009 жылғы ақпанның 4-індегі шешіміне сәйкес ұлттық экономикалар үшін әлемдік қаржылық және экономикалық дағдарыстың теріс салдарына қарсы іс-қимыл жасау мақсатында құрылатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Дағдарысқа қарсы қоры қызметінің негізгі принциптері мақұлданды.

Қордың негізгі мақсаты ұлттық экономикалардың әлемдік қаржылық және экономикалық дағдарыстың теріс салдарын еңсеруі, олардың экономикалық және қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ Қорға қатысушы мемлекеттер экономикаларының ықпалдасуын одан әрі тереңдетуге жәрдемдесу болып табылады.

Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Дағдарысқа қарсы қорын құру туралы шарттың 1-бабына сәйкес құрылтайшы мемлекеттер Қорды ұлттық экономикалардың әлемдік қаржылық және экономикалық дағдарыстың теріс салдарын еңсеруі, олардың экономикалық және қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ Қорға қатысушы мемлекеттер экономикаларының ықпалдасуын одан әрі тереңдетуге жәрдемдесу мақсатында құрады.

Соңғы жаңалықтар