Еуразиялық одақ аясында Беларусь елімен де байланыс нығаяды - А.Смирнов, БҚО

ОРАЛ. ҚазАқпарат - "Еуразиялық одақ аясында Беларусь елімен де байланыс нығаяды". «Орал механикалық зауыты» ЖШС бас директорының орынбасары Анатолий Смирнов осылай деді.

Еуразиялық одақ аясында Беларусь елімен де байланыс нығаяды - А.Смирнов, БҚО

Оның айтуынша, осы бағытта «Орал механикалық зауыты» ЖШС белсендірек жұмыс жасамақшы. Мысалы, «МТЗ», «Беларусь» тракторлары Минск мотор зауытының қозғалтқыштарымен жұмыс істей­ді. Бүгінде бұл техникалардың түрлі модификациялары бар. Міне, Орал механикалық зауыты - соған иінді біліктер шығаратын Қазақстандағы бірден­-бір кәсіпорын. Сондай­-ақ аталған бөлшек автобустар мен өзге де техникаларға лайықталып зауыт конвейерінен әр қиырға жол тар­тады. Иінді біліктің 80 пайызға жуығы Беларусь пен Ресейге экспортталады. Кедендік одақ шеңберінде оның көлемі жыл­дан­-жылға ұлғайып келеді. Нақты деректерге қарағанда, өткен жыл­дың қорытындысы бойынша оралдық өнімнің 91 пайызы экспортқа жөнелтілді.

«Тәуелсіздіктің алғашқы он жылымен салыс­тырғанда, қазір зауытта өнім көлемі бес есе ұлғайды. Осының бәрі ықпалдастық пен кедендік ресімдерді оңтайландырудың жемісі мен нәтижесі деуге болады», - деп түйіндеді ойын А.Смирнов.