«Еуро-2012»: Қазақстан құрамасы іріктеу турниріндегі беташар ойынын Түркиямен өткізеді
Оған сәйкес, Қазақстан ұлттық құрамасы «Еуро-2012» турнирінің іріктеу турниріндегі беташар ойынын өз алаңында 2010 жылғы қыркүйектің 3-де Түркиямен өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан Футбол федерациясының мәліметінше, күнтізбеге сәйкес Қазақстан құрамасы қыркүйектің 7-де сырт алаңда Австриямен ойнаса, қазанның 8-де Бельгияны, ал қазанның 12-де Германияны қабылдайды.
Жерлестеріміз іріктеу турниріндегі қалған матчтарын 2011 жылы өткізеді. Айталық, 2011 жылғы наурыздың 25-де сырт алаңда Германиямен кездеседі, маусымның 3-де Әзірбайжанды қабылдайды. Біздің команда келер жылдың қыркүйек айында екі бірдей ойын өткізеді. Қыркүйектің 2-де сырт алаңда Түркияға қонаққа барса, қыркүйектің 6-да Әзірбайжанды қабылдайды. Ал, қазанның 7-де Брюссельде Бельгиямен шеберлік байқасады. Қазақстан құрамасы іріктеу турниріндегі соңғы кездесуін 2011 жылғы қазанның 11-де өз алаңында өткізеді. Қарсыласымыз - Австрия құрамасы.
Айта кетейік, «А» тобында Еуропа чемпионатына берілетін жолдаманы Қазақстан, Германия, Түркия, Бельгия, Австрия және Әзірбайжан құрамалары сарапқа салатын болады.