00:02, 11 Шілде 2016 | GMT +5
Еуро-2016 финалындағы командалардың бастапқы құрамы белгілі болды
ПАРИЖ. ҚазАқпарат - Еуропа чемпионатының финалдық матчында кездесетін Португалия мен Франция құрамаларының бастапқы құрамы жария етілді. Кездесу Париж маңындағы «Стад де Франс» стадионында, Астана уақытымен сағат 01:00-де басталады.
Португалия: Руй Патрисиу, Пепе, Фонте, Геррейро, Седрик, Карвалью, Мариу, Адриен Силва, Ренату Санчеш, Роналду, Нани.
Франция: Льорис, Санья, Косельни, Юмтити, Эвра, Погба, Матюиди, Сиссоко, Пайет, Гризманн, Жиру.
Франция құрамасының ойыншылары биылғы Еуроның ақтық кездесуіне көк формамен ойнаса, португалдар алаңға қызыл түсті формамен шығады.