Еуро-2016: Германия құрамасы ең қымбат команда болып шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Футбол бойынша Германия құрамасы Францияда Еуропа чемпионатына қатысатын барлық командалар арасында ең қымбаты болып шықты.
None
None

Сейсенбі күні Der Tagesspiegel  газеті тапсырыс бойынша жүргізіп, жариялаған  зерттеуге сәйкес неміс футболшыларының жиынтық құны 562 млн еуро.

Сарапшылар мықты еуропалық лигаларда жеңіс үшін ең қымбат іріктелген ойыншылармен клубтар айқасатын фактіні көрсете отырып, Германияны турнирдің басты үміткері санайды, деп хабарлады "Немецкая волна".

Неміс құрамасынан Испания артта қалуда, оның құрамы 558 млн еуроға бағалануда. Одан кейін Франция (487 млн), Англия (477 млн) және Бельгия (461 млн). бұл командалар  Еуро-2016-да негізгі жеңіске үміткерлер саналады, деп жазады  interfax.ru.

Соңғы жаңалықтар