EURO-2027: футболдан Қазақстан жастар құрамасы Ирландиядан жеңіліп қалды

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Қазақстанның 21 жасқа дейінгі жастар құрамасы 2027 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі жетінші ойында Ирландиямен кездесті.

футбол
Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Ойын барысында қарсыластар бір-бірінің қақпасына гол соғатын мүмкіндікті іздеді. Кездесу тағдырын 89-минутта ирландиялық Ойзин Галлахер соққан жалғыз гол шешті.

Бас бапкер Владимир Чебурин жастар құрамасына төмендегі ойыншыларды шақырды.

Қақпашылар: Дулат Талыспаев («Жетісу»), Санжар Ерниязов («Қызылжар»), Мирас Рихард («Ертіс»);

Қорғаушылар: Сұлтан Асқаров, Саламат Жұмабеков, Темірлан Мырзағалиев («Қайсар»), Рамазан Кәрімов («Ертіс»), Әли Тұрғанов, Жасұлан Әмір («Ордабасы»), Әлихан Серікбай, Никита Губарев («Қызылжар») бар.

Жартылай қорғаушылар: Әбинұр Нұрымбет («Оқжетпес»), Тамерлан Агиманов, Вячеслав Раскатов, Мирас Оматай («Ертіс»), Аян Байдәулетов («Ақтөбе»), Олжас Байбек («Қайрат»), Давид Есімбеков («Каспий»), Мүсілім Жұмат («Қайсар»), Николай Горобченко («Жеңіс»);

Шабуылшылар: Глеб Валгушев («Қызылжар»), Ян Труфанов («Атырау»), Мағжан Тоқтыбай («Ордабасы»), Рамазан Бағдат («Қайрат»), Сейф Попов («Алтай»).

Қазіргі таңда жастар құрамасы 5 кездесуде бір рет жеңіске жетсе, бір рет тең нәтижеге қол жеткізіп, қалған кездесуде қарсыластарына есе жіберді. Алдымен Андорраны 1:0 есебімен қапы қалдырды, Молдовамен 1:1 есебімен тең түскен, ал Англиядан 0:2, Андоррадан 0:1, Словакиядан екі мәрте 1:2, 1:3 есебімен жеңілді.

Енді отандастарымыз алдағы үш ойынын сырт алаңда өткізеді. Алдымен 25 қыркүйекте Англиямен кездессе, одан кейін 29 қыркүйекте Ирландия, 6 қазанда Молдовамен шеберлік байқасады.

Іріктеу кезеңі 2025 жылдың 5 маусымы мен 2026 жылдың 6 қарашасы аралығында өтеді.