EURO-2027: Футболдан Қазақстан жастар құрамасы Словакияға есе жіберді
АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан Қазақстанның 21 жасқа дейінгі жастар құрамасы 2027 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Словакияға есе жіберді.
Қазақстандық футболшылар D тобында сынға түсіп жатыр. Қарсыластары — Англия, Словакия, Ирландия, Андорра, Молдова.
Кездесу барысында отандастарымыз қарсыласына 1:3 есебімен есе жіберді.
Бас бапкер Владимир Чебурин жастар құрамасына төмендегі ойыншыларды шақырды.
Қақпашылар: Дулат Талыспаев («Жетісу»), Санжар Ерниязов («Қызылжар»), Мирас Рихард («Ертіс»);
Қорғаушылар: Сұлтан Асқаров, Саламат Жұмабеков, Темірлан Мырзағалиев («Қайсар»), Рамазан Кәрімов («Ертіс»), Әли Тұрғанов, Жасұлан Әмір («Ордабасы»), Әлихан Серікбай, Никита Губарев («Қызылжар») бар.
Жартылай қорғаушылар: Әбинұр Нұрымбет («Оқжетпес»), Тамерлан Агиманов, Вячеслав Раскатов, Мирас Оматай («Ертіс»), Аян Байдәулетов («Ақтөбе»), Олжас Байбек («Қайрат»), Давид Есімбеков («Каспий»), Мүсілім Жұмат («Қайсар»), Николай Горобченко («Жеңіс»);
Шабуылшылар: Глеб Валгушев («Қызылжар»), Ян Труфанов («Атырау»), Мағжан Тоқтыбай («Ордабасы»), Рамазан Бағдат («Қайрат»), Сейф Попов («Алтай»).
Енді олар 31 наурызда Ирландия құрамасымен кездеседі.
Қазіргі таңда жастар құрамасы 5 кездесуде бір рет жеңіске жетіп, бір рет тең нәтижеге қол жеткізді, қалған кездесулерде қарсыластарына есе жіберді. Нақты есептерге тоқталсақ, Андорраны 1:0 есебімен қапы қалдырды, Молдовамен 1:1 есебімен тең түскен, ал Англиядан 0:2, Андоррадан 0:1, Словакиядан 1:2 есебімен жеңілді.
Іріктеу кезеңі 2025 жылдың 5 маусымы мен 2026 жылдың 6 қарашасы аралығында өтеді.