EURO-2027: футзалдан Қазақстан әйелдер құрамасы жарысты негізгі кезеңде аяқтады

АСТАНА. KAZINFORM — Футзалдан Қазақстан әйелдер құрамасы 2027 жылғы Еуропа чемпионатының негізгі кезеңінен шыға алмады.

EURO-2027
Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Отандастарымыз А тобында сынға түсті. Қарсыластары — Чехия, Беларусь және Норвегия.

Отандастарымыз Чехияға 2:7. Норвегияға 0:9, Беларуське 1:4 есебімен есе жіберді.

Бұл топта алғашқы екі орынға ие болған Норвегия мен Чехия жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

Ұлттық құраманың аға бапкері Сәкен Наукенов жарыстың бұл кезеңінде төмендегі ойыншыларға сенім білдірді.

Қақпашылар: Светлана Гейниц, Зулейра Әбішева (екеуі де — «Қайрат»);
Алаңдағы ойыншылар: Жансая Әубәкір, Светлана Ступина, Лунара Мыңжасар, Лаура Шутова (барлығы «Қайрат»), Аяжан Шамбаева, Милана Ткач (екеуі де — «Атырау»), Әсем Қаражанова, Валерия Акиева (екеуі де — «Ақтөбе»), Айсана Зекен («Астана»), Людмила Коноплева («Alliance Астана»), Данира Алканова, Рамина Иманжанова, Гүлім Кенжетай (үшеуі де — «Қайрат» футзал).

Ал B тобында Босния және Герцеговина, Сербия, Англия, Литва, C тобында Словения, Франция, Солтүстік Ирландия, Латвия сынға түседі.

Әрбір топтың жеңімпазы мен үздік нәтижеге қол жеткізген екі құрама жарыстың келесі сатысына шығады.