«ЕуроХим» елге келіп, іске кірісті

АСТАНА. 29 қазан. ҚазАқпарат - «Көкжон» фосфор кен орнына асай-мүсейлерін ала келген «ЕуроХимҚаратау» компаниясы алғашқы бұрғылау-жару жұмысын бастады.

«ЕуроХим» елге келіп, іске кірісті

Оның салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Қа­нат Бо­зымбаев, Ресей Федера­ция­сы «ЕуроХим» минералды-хи­миялық компаниясы ААҚ бас­қарма мүшесі - әкімшілік директоры Игорь Щелкунов, еліміздегі «Еурохим-Тыңайтқыш» ЖШС бас директоры Еркебұлан Мыр­зағалиев және Сарысу ауданының әкімі Қанатбек Мәдібек қатысты, деп жазады "Егемен Қазақстан" газеті.

Аталған жұмыс компаниялар арасындағы жер қойнауын игеру бойынша бекітілген шарт шеңберінде жүзеге асырылды. Қаратау фосфор кен орнын игеру, фосфорит концентратын өндіретін кен-байыту кешені мен кең ауқымда қолда­­­нылатын минералды тыңайт­қыштар өндіретін зауыт­тың құрылыстарын салу - «ЕуроХим­нің» кешенді жоба­сының бірі болып табылады. Жоба­ны жүзеге асыру барысында бола­шақ кәсіпорындар құрылысы мен қызмет көрсету салалары бойын­ша бірнеше мың жұмыс орны ашылады.

Мамандардың пікірінше, «ЕуроХимнің» облысқа келуі - Қаратау мен Жаңатас қала­­ларындағы көптеген әлеу­мет­тік-экономикалық мәселе­лер­ді шешуге де септігін ти­гізеді. Сон­дай-ақ, компания ай­мақтың инфра­құрылымын дамытуға, әлеу­меттік маңы­зы бар құрылыс­тар­ды қаржы­лан­дырып, кейбі­реу­лерін қайта жаңғыртуда ай­тар­лықтай үлес қосатын болады.