08:27, 01 Маусым 2015 | GMT +5
Еурокомиссия басшысы Венгрияға ескерту жасады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еурокомиссия президенті Жан-Клод Юнкер Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан өлім жазасы туралы заңды енгізуді мақұлдаған жағдайда, елді Еуроодақ құрамынан шығаратынын айтып, ескертті, деп жазады «ВВС» агенттігі.

Сәуір айының соңында Орбан Еуроодақ бойынша өлім жазасын қайта енгізу мүмкіндігін ортаға салу туралы ұсыныс жасаған.
Осыған байланысты, Юнкер «Süddeutsche Zeitung» басылымына берген сұхбатында Венгрияда өлім жазасын енгізу Еуроодақпен «ажырасу» болатынын айтты. Сонымен бірге, Юнкер Грекияның еуроаймақтан кетуі туралы да ЕО елдеріне алдын ала ескерткен.