Еурокомиссия төрағасы Австрия президенті Хайнц Фишерді екінші мерзімге қайта сайлануымен құттықтады

БРЮССЕЛЬ. Сәуірдің 26-сы. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Еурокомиссия төрағасы Жозе Мануэль Баррозу Австрия президенті Хайнц Фишерді екінші мерзімге қайта сайлануымен құттықтады.

Еурокомиссия төрағасы Австрия президенті Хайнц Фишерді екінші мерзімге қайта сайлануымен құттықтады

«Мен Сізді қайта сайлануыңызбен құттықтаймын және Автрия президенті лауазымында зор табыстарға жетуіңізге тілектеспін. Сіздің жұмысыңыздың арқасында Австрия Республикасы мен Еурокомиссия арасындағы қатынастар бұрынғыша тығыз және сенімді болып қалады деп сенемін», - делінген құттықтау мәтінінде.

Австрия президентін сайлау жексенбі күні, сәуірдің 25-інде өтті. Х.Фишердің кандидатурасын сайлаушылардың 80 пайызға жуығы қолдады. Сонымен қатар сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы төмен болғаны айтылады. Дауыс беруге сайлаушылардың 49 пайызы ғана келді, ал 2004 жылғы сайлауда бұл көрсеткіш 70 пайыздан асқан еді.